Макгрегор мен Порьенің турнирінде Майкл Чендлер қарсыласын күтпеген жерден жеңді
Абу-Дабидегі «Жекпе-жек аралында» (БАӘ) UFC 257 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық файтер Майкл Чендлер (21-5) мен Дэн Хукер (20-9) кездесті.

Чендлер үшін бұл жекпе-жек Bellator-дан кетіп, UFC-мен келісімшартқа отырғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жек болды.
Жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта летальді нокаутпен америкалықтың күтпеген жеңісімен аяқталды. Хукер үшін бұл ММА-дағы оныншы жеңілісі. Ал Чендлер мансабындағы жиырма екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі турнирдің басты оқиғасында Ирландия өкілі Конор МакГрегор (22-4) мен америкалық Дастин Порье (26-6-1) жұдырықтасты. Дастин Порье Конор Макгрегорды жеңіп кетті.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған