Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Макгрегор мен Порьенің турнирінде Майкл Чендлер қарсыласын күтпеген жерден жеңді

Абу-Дабидегі «Жекпе-жек аралында» (БАӘ) UFC 257 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық файтер Майкл Чендлер (21-5) мен Дэн Хукер (20-9) кездесті. 

Чендлер үшін бұл жекпе-жек Bellator-дан кетіп, UFC-мен келісімшартқа отырғаннан кейінгі алғашқы жекпе-жек болды.

Жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ бірінші раундта летальді нокаутпен америкалықтың күтпеген жеңісімен аяқталды. Хукер үшін бұл ММА-дағы оныншы жеңілісі. Ал Чендлер мансабындағы жиырма екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі турнирдің басты оқиғасында Ирландия өкілі Конор МакГрегор (22-4) мен америкалық Дастин Порье (26-6-1) жұдырықтасты. Дастин Порье Конор Макгрегорды жеңіп кетті.

Талқылау