Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетіндегі әжімін тарттырамын деп көз жұмды: Ота жасаған дәрігер түрмеден құтылды

Бетіндегі әжімін тарттырмақ болған алматылық әйелдің өліміне қатысты тағы да жанжал туды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

59 жастағы әйел косметикалық операциядан кейін қайтыс болды. Хирург пациентің терісі қажет етпесе де хирургиялық ота жасаған.  Ер адам толығымен кінәлі деп танылған. Дегенмен, ол жазасын өтеу мерзімін жеңілдетуді сұраған. 

Эльвира Муртазина анасының қатты қиналғанын айтты. Келіншек ота жасатпау үшін медициналық тестілеулерден өткен. Алайда дәрігер сараптама нәтижелерін күтпей, әйелді ота жасауға көндірген. 

"Басы қатты ісінген, беті толығымен ісініп, тынысы тарылған, мойнынан ерніне дейін көгеріп кеткен. Диагноз майлы эмболия болды. Миының ісігі басылмады", - дейді Муртазина. 

Элвира 10 күн бойы қиналған анасын құтқаруға тырысып, қымбат дәріге тапсырыс беріп, шетелден алдырған. Алайда әйел көз жұмды. Адам өліміне әкелген істен кейін ауруханада тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде клиниканың мұндай ота жасауға рұқсаты жоқ болып шықты.  

"Клиника жұмысын жалғастырды, ол жабылған жоқ, хирург та жұмыс жасап жүр. Оның пластикалық хирург деген куәлігі болмай шықты. Клиникада пластикалық хирургияға лицензия алмапты", - дейді келіншектің қызы. 

Қайғылы оқиға орын алған Қаскелеңдегі медициналық орталық әлі жұмыс істеп тұр. Дәрігер әлі жұмыс істеп жатқан көрінеді. Бірақ мекеме өкілдері хирург жақында жұмыстан шықты деп сендірді. Сот оны шартты түрде 3,5 жылға соттап, 3 жыл бойы медициналық қызметпен айналысуға тыйым салды.

Қазақстанда біліктілігі төмен мамандардың пластикалық ота жасау дерегі көп байлауда. Арнайы қауымдастық тіпті жағдайды тергеу туралы өтінішпен денсаулық сақтау министрлігіне жүгінген. Алайда құзіретті органдар әлі жауап бермепті. 

Талқылау