30-50 адамға дейін мейрамханаларға жиналуға рұқсат етілген: Қазақстанда карантин талаптары өзгертілді
Қазақстанда "қызыл", "жасыл" және "сары" аймаққа кірген облыстарға ерекше карантиндік талаптар бекітілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов әр аймақта белгілі бір шаралар қабылданып, вирустың таралуы аз аймақтарда шектеу шаралары жеңілдетілетінін айтты.
"Өзіміз құрған матрицаға байланысты "қызыл", "жасыл" және "сары" аймаққа кірген облыстарға ерекше карантиндік талаптар қойып отырмыз. "Сары" аймаққа кірген облыстар 30-50 адамға дейін мейрамханаларға жиналуға рұқсат етілген. Бірақ, "қызыл" аймаққа кірген облыстарға және қалаларға халықтың саны 30-ға дейін ғана шектелген", - дейді Шоранов.
Үлкен ұжымдық іс-шараларға тыйым салынады.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіде таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды