Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басшының жеке жұмыстарын істейміз: Алматы облысында шаршаған жұмысшылар шу шығарды

Алматы облысында Көксу аудандық жылу қазандығының жұмысшылары басшының жеке жұмысын істеп шаршағандарын айтады. Азаматтар аудандық мәслихаттың білдей бір депутаты болып отырған бастықтарының бассыздығы шектен шыққанын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сөздерінше, олар тіпті басшының егістік басындағы жеке шаруаларын да істейді екен. Ал келіспесек жұмыстан шық деп қорқытады дейді. Көксу орталықтандырылған жылу қазандығының жұмысшылары осылайша басшыларының тапсырған әрбір жеке жұмысын видеоға түсіріп отырған. Тек жұмыстан айырылып қалмас үшін бәріне шыдап келеміз дейді.

"Алқапта тас теріп жүрдік. Ол Көксу жылудың алқабы емес қой. Міне жігіттер тұр ғой, жігіттер айтпайды, жұмыстан шығып кетеміз бе деп қорқады. Бала-шағасы бар бәрінің", - дейді Көксу орталықтандырылған жылу қазандығының жұмысшысы Сырым Бектұров. 

Жұмысшылар мемлекетке тиесілі мекемені бастығымыз өзінің жекесіндей қолданып жатыр дейді.

"Оның дүкенінде сөрелер жасап жүрміз. Жылу орнатамыз, стадион жасаймыз, бірақ ақша алмаймыз", - дейді Көксу орталықтандырылған жылу қазандығының жұмысшысы Владимир Бузенус.

Мекеменің ауласында жылу қазандығына мүлдем қатысы жоқ жұмыстар атқарылып жатқанын бас инженердің өзі де мойындады.

"Мысалы менің досым ТОО ұйымдастырушысы. Өтініш айтты", - дейді бас инженер Мұхтар Сәрсенов. 

Ал Қуат Жүнімсов жұмыс орнында болмады. Телефон арқылы ол  жұмысшылардың барлық айтқанын жоққа шығарды. Ешкімді жеке жұмысымды істеуге мәжбүрлеп көрмедім дейді. Эфир алдында қайта хабарласып, ертең сұхбат бере алатынын жеткізді. Ал әкімдік жұмыстан шыққан жұмысшылардың мәселесін қарастырамыз дейді

"Жеке өзінің жұмыстарына салады деген ешкімнен арыз шағым түскен жоқ. Бұл мәселеден хабарымыз жоқ. Естіген жоқпыз. Бүгін осындай мәселе көтеріліп отыр екен. Алдағы уақытта толыққанды қарастыратын боламыз", - дейді Көксу аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Айдос Көкетаев. 

Көксу жылу қазандығының басшысы өзінің жеке жұмысын істетеді, өзінің қызметтік бабын пайдаланады деген жұмысшылар тікелей Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтан көмек сұрап отыр. Себебі, Көксу жылу қазандығының басшысы Қуат Жүнісов Көксу ауданының депутаты екен. Жақында ғана праймеризден өткен, және жақында қайта сайлауға түседі екен. Сондықтан қарапайым жұмысшылар мұндай тұлғаға күшіміз келмей қалады деп қорқады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр