Сәтбаевтағы 5 жасар қызды зорлау ісі: Педофил асылып өлді
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлап, зорлады деп айыпталған педофил тергеу изоляторының камерасында асылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Оның денесін кезекші тауып алған. Күдікті 62 жаста еді. Денеде жарақат жоқ. Алдын ала себеп - суицид. Ақпарат сенімді, дереккөздер фактіні растады", - деп жазды "Не молчи" қоры Facebook-те.
Еске салайық, 23 шілде күні Сәтбаев қаласында 5 жасар бала жоғалып кетеді, кейіннен қыз көпқабатты үйдегі басқа біреудің пәтерінен табылады. Бүлдіршінді зорлады деген күдікпен, бір азамат қамауға алынады. Бірақ бірнеше адам күдіктіні қолдарына беруді талап етіп, жанжал шығарды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі