Тоқаев Трамптың тез сауығып кетуін тіледі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған президенті Дональд Трампқа тез сауығып кетуін тілеп, хат жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мен президент Трамп пен оның әйелі Меланияның коронавирустан тезірек сауығып кетуін тілеймін", - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін Трамп пен әйелі коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.
"Бүгін бірінші ханым екеуміз COVID-19 сынамасынан оң нәтиже алдық. Біз дереу карантинді және емделу процессін бастаймыз. Біз бәрін бірге еңсереміз!", - деп жазды Twitter-де Дональд Трамп.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады