Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцария Гүлнара Кәрімова шотындағы 131 млн долларды Өзбекстанға қайтарады

Швейцария Өзбекстанмен Гүлнара Каримоваға қатысты қылмыстық істі тергеу аясында тәркіленген қаражатты елге қайтару шарттары туралы принциптік келісімге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Gazeta.uz сайтының хабарлауынша, екі ел қол қойған келісімге сәйкес, тұңғыш президенттің қызы Гүлнара Кәрімованың Швейцариядағы шоттарынан алынған шамамен 131 миллион долларлық активтер Өзбекстанға қайтарылады.

Заңды күшіне енгенге дейін жақын арада аяқталуы тиіс келісім реституацияның негізгі принциптерін белгілейді. Нақтырақ айтқанда, Өзбекстаннан ақшаны қайтару процесінде ашықтық пен есеп беруді қамтамасыз ету, активтерді «адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсарту» үшін пайдалану, тұрақты дамуды қолдайтын жобаларға инвестиция салу және бақылау тетігін құру талап етіледі.

Гүлнара Каримоваға қатысты жалғасқан қылмыстық іс бойынша құны 650 миллион швейцариялық франктан(715 миллион доллар) асатын активтерге шектеу қойылды.


"92 млн теңге көлемінде сыйақы мен бонустар": Сақтандыру қорының басшылығы жайлы тағы да даулы пост жарияланды 


2012 жылы Швейцарияның Бас прокуратурасы Гүлнара Кәрімоваға қарсы қылмыстық іс жүргізу аясында 800 миллион швейцариялық франкқа жуық активтерді қатырып тастаған. Осы соманың шамамен 131 миллион доллары 2019 жылы тәркіленді.

 Гүлнара Кәрімова 2019 жылдың көктемінен бастап жазасын Ташкент облысы, Зангиата ауданының № 21 жалпы режимдегі колониясында жазасын өтеп жатыр. 

Наурызда Жоғарғы Сот оны 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырған. Мамыр айында Кәрімованың Франциядан Өзбекстанға 10 миллион долларлық активтері қайтарылды. Әділет министрлігі халыққа өзіне тиесілі және елге оралған қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты үнемі хабарлауға уәде берді.

Талқылау