Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарын алу үшін шотыңызда қалуы тиіс қаражат қайта есептеледі

Зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін БЖЗҚ шотындағы ең аз қажетті соманың мөлшері (жеткіліктілік шегі) қайта қаралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

bnews.kz

Еңбек министрлігінің мәліметінше, зейнетақы жинақтарының "жеткіліктілік шегін" есептеу әдістемесін үкімет анықтайтын болады. Министрлік бұл көрсеткіш елдегі әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайлардың өзгеруін ескере отырып, қайта қаралатынын атап өтті.

"Зейнетақы қорын алушылар үшін белгілі параметрлер негізінде зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі қайта есептеледі деп болжануда. Осыған байланысты, зейнетақы жинақтарын пайдалана алатын салымшылардың санында өзгерістер енгізілетін болады", - деп хабарлады еңбек министрлігінің баспасөз қызметі. 


Жеткіліктілік шегі - белгілі бір жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі талап етілетін мөлшері болып саналады. БЖЗҚ болашақтағы тұрақты зейнетақы жарналарын ескере отырып, 82 жасқа дейінгі зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін қолдана алады деп айтқан болатын.

Кейінірек министрлік зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шарттарын атады. 

Талқылау