Ақша төленеді: Вакцинаны өзірлеуші институт қазақстандықтарды ерікті болуға шақырды
Еліміздің биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми зерттеу институты коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу үшін еріктілер қажет екенін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алдымен иммуноферментті сараптама жасалады. Еегер сіздің ағзаңызда коронавирусқа қарсы антидене анықталса ғана ерікті бола аласыз. Вакцина бір немесе екі рет бұлшық етке салынады", - дейді институ өкілдері.
Вакцинаны сынақтан өткізушілердің айтуынша, зерттеудің басты мақсаты екпенің адам өміріне қауіпсіз екенін анықтау. Бұған қоса ерікті вакцинацияға жіберілмес бұрын екпеге қатысты қауіп-қатерден сақтандырудан өтеді.
Институт ерікті болғандарға ақша төленетінін айтады. Десек те нақты қанша екенін әзірге белгісіз.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"