Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актер: Депутаттар, сіздерде ар-ұят деген бар ма, каникулға шыққандарыңыз қалай

Кино және театр актері, қоғам белсендісі Бақыт Тушаев каникулға шыққан депутаттарға сын айтты. Ел ауыр індетпен күресіп жатқанда шенеуніктер қара басын ойлады деп жазғырды. 

Фото: Жұлдыздар отбасы

"Біз Қазақстан халқы. Еліміздің парламент және сенат депутаттарына іздеу саламыз. Ау депутат аталар мен әжелер, көкелермен тәтелер. Қайдасыздар? Қайдағы каникул құдай ау. Онсызда ұйықтап келесіздер. Көктемгі екі ай карантинде қатырып жұмыс істегендеріңіз шамалы. Ол кезде де жаттыңыздар. Қолға күрек алып күндіз түні жер қазсаңыздар бір сәрі. Мына сәтте неғылған каникул? Ұят-намыс деген барма өзі? Ел өздері ақша жинап өздері құрылғы дәрі-дәрмек алып жүргенде неге біреуің сол елдің ортасынан табылмадыңдар", - деп жазды актер желіде. 

Айтуынша, депутаттар халыққа қол ұшын берудің орнына өз басын ойлап жатыр. Елмен бірге болған, көмек созған ешбір шенеунік жоқ. Қиын сәтте тек ұйықтап өткен депутаттар енді демалысқа шыққысы келеді деп табалады. 


Дана Нұржігіт: Депутаттар Түркия мен БАӘ ұшып кетті, шет елде демалуда деп жатыр


"Жамыраған сонша депутаттың ішінен біреуің -"әй бізге каникул не үшін керек онсыз да көр тышқандай жаттық қой дайын үйде дайын тамақты жеп. Дерт меңдеген мына елдің, тығырықта отырған мемлекеттің бір жағынан шығысайық" деген бір депутат шықсашы. Ай қайдам ондай ми, ондай өре қайда сіздерде. Дәл қысылтаяң шақта президент Тоқаевқа өзің бірдеңе істе бізде каникул деп қолды бір сілтеп кете бардыңдар. Қысқасын айтқан да президентті де халықты да лақтырып, мына ауруды да артына қыстырмай, карантиннен келе сала каникулға кеткен депутаттарға іздеу саламыз.. Құрметпен сендерді сайлаған ХАЛЫҚ", - деп жазды.

Оның сөзін желідегі қолданушылар қолдап шықты. Депутаттардың демалысқа шығуына еш негіз жоқ десті. 

Талқылау