"СК Фармация" қоймаларында барлық қажетті дәрілер табылды: Тексеріс нәтижесі жарияланды
"СК Фармация" ұйымына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлерімен бірге комиссия мүшесі болып, тексеріс жүргізген Айдар Еспаев жұмыс барысымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметті желіде қазақстандықтардың вирусқа қарсы, дене қызуын түсіретін дәрілер мен антибиотиктердің жетіспеуі айтылған жазбалары көбейіп кетті. Қажетті дәрілер станционарлардың өзінде жоқ екен. Науқастардың туыстары дәріханалардан қажетті препараттарды өздері іздеуге мәжбүр.
Комисиия мүшесінің сөзінше, "СК Фармация" мекемесі келген гуманитарлық көмектің барлығын аймақтардың денсаулық сақтау басқармаларына теңдей етіп үлестіреді екен.
"Бұл ұйымның дәріханаларға еш қатысы жоқ. "СК Фармация" тікелей мемлекеттік ауруханалар мен емханаларды медициналық құралдар мен дәрілермен қамтамасыз етеді. Мекеменің Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында ірі филлиалдары бар. Суретте жетіспей жатқан препараттарды көруге болады. Көлемі жазылған құжатты көрмедім", - дейді ол.
"СК Фармация" ұйымының өкілдері дәрілерді таратуда ақау болып тұратынын айтыпты. Алайда мұндай қиыншылықтар тез арада шешілетін көрінеді. Ал ауруханалардағы препараттардың тапшылығы ол жергілікті басқармалардың кінәсі дейді ұйым қызметкерлері.
"Ақау қайда болатынын анықтаймыз. Гуманитарлық көмек сатылымға түсуде деген жазбаларды көрдім. "СК Фармация" бұл жайтты ресми түрде жоққа шығарды. Олар қай елден не келгеніне дейін көрсетіп берді. Аталмыш мекемеге дәрі-дәрмекті сақтау және тіркеу сынды жұмыстарын "Medservice Plus" дистрибьютерлік желісі атқарады. Дәріханалар препараттарды осыннан сатып алады. Дәріханалардың дәрімен жабдықталуы мен бағалануын әкімдіктер денсаулық сақтау министрлігінің қадағалауымен жүргізеді", - деп қосты комиссия мүшесі.
Бұған қоса ол халықты сабырға шақырып, жаппай дәрілерді сатып алуды тоқтату керектігін айтты. Сөзінше, препараттардың тапшылығын тудырып отырғандар тұрғындардың өздері.
Ал неліктен қоймаларда дәрі бола тұра ауруханаларда қажетті препараттар жетіспей жатқанын білу мақсатында Stan.kz редакциясы "СК Фармция" ұйымына сұратылым жіберді.
"Бұл рас болса мен таңғалмаймын": Қазақстандықтар гуманитарлық көмек сатылып жатыр деп шулауда