Атырау облысының басшылары жергілікті тұрғындардан көмек сұрады
Атырау облысының басшылары жергілікті тұрғындардан көмек сұрайды. Айтуларынша, аймақта ахуал ушығып, ауруханаларда дәрігерлер мен медициналық жабдықтар жетіспей жатыр. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Науқастардың саны күн сайын артып барады. Қосымша провизорлық стационарларды ашу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс әкімі орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бұл емдеу орындарын дәрігерлермен қамту мәселесі бар. Сонымен бірге өкпені жасанда желдету аппараттары да жеткіліксіз. Қолдау көрсетуге дайын жомарт жандарды әкімдік қуана қарсы алады.
"Көптеген кадр жетіспеуі орын алып жатыр. Сондықтан, ерік білдіремін, көмек көрсетемін деген әрбір азамат пен азаматшаны қуана қарсы аламыз. Облыста 111 өкпені жасанда желдету аппараты бар. Бірақ, оның өзі аз. Қазір 200-300-ге дейін ауыр науқас жатыр. Сондай-ақ, осы аппараттармен көмектесе аламыз деген жомарт жандарды қуана қарсы аламыз", - деді Бақытгүл Хаменова.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан