Білім вице-министрі: Студенттерге қағаз диплом да беріледі
ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Рүстем Биғари студенттердің қағаз жүзіндегі дипломдары сақталатынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жоғары оқу орны және колледж түлектері дипломның қағаз түріндегі нұсқасын да алады, сондай-ақ электрондық көшірмесі де сақталады. Дипломның қағаз нұсқасы сақталады, себебі шетелге баратындар сол жақта қағаз түрінде көрсетеді", - деді вице-министр.
Бұған қоса ол дипломның шынайылығын оңай тексеруге болатынын атап айтты.
"Әрине, біз мәліметтер базасын бәріне ашып бере алмаймыз. Әр адам дипломның түпнұсқа немесе жасанды екенін өзі тексере алады. Жұмыс беруші дипломның электронды көшірмесін білім және ғылым министрлігі арқылы ала алады. Мәліметтерді таратып жібермеу жөніндегі келісімге қол қойылады", - деп қосты шенеунік.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық студенттер электронды диплом алатыны жайлы айтылған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі