Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы коронавирустан көз жұму көрсеткіші әлемдегі жағдайдан әлдеқайда төмен - сарапшылар

Қазақстандағы коронавирустан көз жұму көрсеткіші 1,1%-ды құрап отыр. Бұл әлемдегі жағдаймен салытырғанда 6,1%-ға төмен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz порталына сілтеме жасап. 

коронавирус

13 сәуір күнгі жағдай сәйкес әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 2 миллионға жуықтап келеді. Жұқпалы инфекция 114 мың адамның өмірін қиған. 405 мың адам аурудан айығып шығыпты. 

Қазіргі таңда Еуропала өлім деңгейі ең жоғары көрсеткіш - 8,6%-ды құрап отыр. Ең аз көрсеткіш Океания мемлекеттерінде: нәбәрі 0,8%.

Азияда бұл индекс 3,7% жетіп тұр. 

Бұған дейін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері келесі бір-екі аптада коронавирустың таралу деңгейі шарықтау шыңына жетеді деп айтып кетіпті. 

"Соңғы төрт күнде коронавирус жұқтырғандардың көрсеткіші күр өсіп кетті. Бұған дейін бұл көрсеткіш 3-10%-дың аралығында болған еді. Еліміздегі эпидемияның шарықтау шыңы әлі алда екенін айтқымыз келеді", - дейді министрліктің жауапты хатшысы Ботагөз Жақселекова. 

Еске салайық, Қазақстанда осымен 11-ші науқас коронавирустан көз жұмып отыр. Ол - 41 жастағы ШҚО-тұрғыны.

Талқылау