40 рет қайшымен ұрған: Әйел жаңа туған баласын өлтіргенін мойындады
Ресейде 35 жастағы әйел жаңа туған баланы өлтірді деген күдікке ілініп отыр.

Бұл туралы сейсенбіде Тергеу комитетінің аймақтағы басқармасында айтылды.
Тергеушілердің мәліметінше, 2 ақпанда әйел үйінде ұл баланы өмірге әкелді. Көп ұзамай, ол оны қайшымен 40-тан астам рет ұрды. Бала өмір сүру белгілерін көрсетуді доғарған кезде, анасы оны көму үшін сөмкеге орап салды.
«Алайда ол ұлының мәйітін көме алмады, өйткені әйелдің денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға жатқызылды. Мұнда ол не істегені туралы айтты», - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Аталған факті бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Анасының жаңа туған баласын өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"110 мың теңгенің орны": Алматыда бейтаныс жұп тойға шақырусыз кіріп тегін тамақтанып, көңіл көтерген
Бойжеткен: "Олар тамақ көп үстелге екі рет ауысып, дөрекілік танытқан, кейін билеп көңіл көтерген"
"Бәрі арнайы тапсырыспен жасалған": 62 миллион теңге бопсалады делінген блогерлер жарыссөзде өз нұсқасын айтты
Айыптаудың негізгі эпизоды былтыр 20 қаңтардағы кездесуден басталған