Үйден емделуге кеңес берген: Елордада 8 жасар бала қайтыс болды
Еліміздің бас қаласында 8 жасар бала белгісіз жағдайда қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Биылғы жылдың 14 қаңтарында, сағат 19:33-те кәмелеттік жасқа толмаған баланың өлімі жайлы ақпарат түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу қызметкерлері барып, 2011 жылғы баланың өзін жайсыз сезінгенін білді. Баланың ата-анасы дәрігерлердің көмегіне жүгінгенде ақ халаттағылар баланы үйден емдеуге кеңес берген. Келесі күні баланың жағдайы күрт нашарлап, ол есінен танып қалады. Жедел жәрдем келгенше бала қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция басқармасында бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын ескерді. Сот-медициналық сараптамалар жүргізілуде.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар