Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

16 миллион теңгені жымқырған ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

ҚТЖ Сары-Шаған жол дистанциясы филиалының директоры аса ірі көлемде қаражат ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлық қарсы комитеттің баспасөз-қызметі мәлімдеді. 

 "Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін «Жамбыл магистральды желісінің бөлімі» – «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Сары-Шаған жол дистанциясы (ПЧ-48) директоры Т. С. Қыдырбаевқа қатысты тергеу жүргізген. Ол жанар-жағармай материалдары мен бағыттама бұрысының металл бөлшектерін негізсіз есептен шығару арқылы аса ірі көлемде – жалпы сомасы 16 миллион 78 мың теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді",- делінген баспасөз-хабарламасында. 

Тергеу барысында келтірілген шығын толығымен өтелді.

2019 жылдың 26 желтоқсанында Қарағанды облысы Приозерск қалалық сотының үкімімен Т. С. Қыдырбаев кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан және 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр