Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында шалғайда тұратын оқушылар мектепке дейін 5 шақырым жер жүріп барады

500 оқушыға бар-жоғы 2 ақ автобус. Елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылының балалары мектепке қатынайтын көліктен таршылық көріп отыр. Білім алушылардың көптігінен 26 орындық транспортқа, 50-60 адамнан мініп баруға мәжбүр екен. Тіпті, суық күндері көлік қатынасы қиындаған кезде, бүлдіршіндер 4-5 шақырым болатын білім ошағына жаяу баратын көрінеді. Ал, ата-аналар болса, перзентіміз сабаққа барып келгенше жанымызды шүберекке түйіп отыратындығы жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Жібек жолы аулындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы мектепте 1200 бала білім алады. Оқушылардың жартысына жуығы мектепке арнайы автобустармен қатынайды. Елді мекенде 30 мыңға жуық халық тұрады екен. Аумағы үлкен саяжайлар көп болғандықтан білім ошағына балалар жаяу бара алмайды. Ал оларға бар-жоғы екі-ақ автобус қызмет көрсетеді. Оның өзі  бір күн жүрсе, екінші күні тоқтап қалатын көрінеді. Сол себепті балалар сабақтан қалып қояды екен. 

"Кейбір кездері автобусқа сыймай қалғандықтан автобус бізді тастап кетіп қалады, ал кейбір кезде уақытына қарамай өтіп кетеді", - деді мектеп оқушыларының бірі. 

Білім мекемесінің басшысы бұл мәселені шешу үшін қолдан келген жағдайдың барлығын жасап жатқанын айтады. Биыл жыл соңына дейін тағы бір автобус алу жоспарларында бар екен. Одан артығына ақша жоқ. Себебі осы жылға бекітілген қаржыға мектепке жаңа жылу жүйесі орнатылып, ғимараттың шатыры жөнделіпті. 

"Бұл мәселелер бір-екі күнгі емес, жылдар бойы шешілмей келеді. Жағдай 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық білім бөлімінің алдында тұр. Мектепте 1016 бала оқиды, соның 410-ы бізге автобус тасымалданып жеткізіледі. Әкімшіліктің бекіткен кестесі бойынша екі автобус жұмыс істейді", - деді мектеп директоры Ақнұр Түркістанбаева.

Ал аудандық білім бөлімінің қызметкерлері мектепте қиындықтар бар екендігін жасырмайды. Аймақтағы 7 ауылдық білім мекелерінде 11 қызметтік автобус жұмыс атқарады екен. 

"Бізде қазіргі таңда 11 автобус бар. Оның 9-ы ескіргендіктен, жаңалау керек. Балаларды тасымалдайтын автопаркке жаңа көліктер алу көзделуде. Ол үшін аудан әкімдігі жылына 1-2 автобустан сатып алуды жоспарлап отыр", - деді Аршалы аудандық білім бөлімі әдіскерлік орталығының меңгерушісі Талғат Мәмбетов. 

Ауылдың мектептеріне жауапты білім бөліміндегілер алдағы уақытта елді мекендерге қызмет көрсететін автобустарды жаңалауға ниеттіміз дейді. Бірақ ол жоспар қашан нақты жүзеге асатыны беогісіз. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан

Тоқаев Қытайда таралып жатқан коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Уханьда шыққан белгісіз пневмония туралы 31 желтоқсанда белгілі болды

"Ешкім ешкімге мұқтаж емес": Нұржан Керменбаев Қайрат Нұртаспен жазылмай қалған дуэт туралы

Әнші: Біреу маған дуэт жазайық десе жоқ демеймін

"16 минут бойы жанды": Үйін тәркілеуге қарсы болған тұрғын өзін өртеп жіберді

Тұрғынның денесінің шамамен елу пайызы күйіп қалған
Çàãðóçêà...