Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су сұрап үйге кірген: Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Тағы да оқушы қызды зорлап кетті! Бүтін бір қала үрейде отыр! Сұмдық жағдай Ақтөбеде болған. Азғын еркек мектептен үйге қайтқан 9 жасар қыздың ізінен еріп отырған.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Үйде ешкім жоғын білген соң, алдап-сулап, пәтерге кіріп балаға білгенін істейді. Зорлықтан қиналған бүлдіршінді әкесі тапқан. Баланың жағдайы қалай? Бүтін бір қаланы үрейде ұстап отырған педофил ұсталды ма?

Теміржол вокзалы маңы. Оқиған болған аумақта толған полицей. Үй-үйді аралап көрген-білгендерін сұрап жүр. Нақты кімді іздеп жүргендері жайлы сұрағанымызда, тіс жармады. Тек көшедегі күдік тудырған әр азаматты тоқтатып, тексеріп жатыр. Көршілері оқиға күндіз болды деп отыр. Бала үйде жалғыз болған. Азғын еркек есікті қағып су сұрайды.


Тағы оқыңыз:

Әншінің күйеуі мүгедек қызды зорлады: Күдіктінің қызы әкесін қатаң жазалауды сұрайды


«Үйіне су сурап, алдап кірген деп естідік. Жөргегінен танимын өзін. Осы аулада ойнап жүретін қыз ғой. Папасы полиция шақырған. Сұмдық, сұмдық. Осы аулада жүрмейтін адам жоқ! Полицейлер тек бірдеңе болған кезде келеді», - деді тұрғын Лида Тажбенова. 

Сұмдық жайттан кейін ұстаздары да есеңгіреп қалған. Қауіпсіздік шаралары туралы ата-аналарға үнемі айтып отырамыз дейді. Баланы ата-анасы, жақынынан бөлек бөгде адамға жетектетіп жібермейтіндерін айтты.

"Күдіктіні біз көрген жоқпыз! Бастауыштың ата-аналарынан оқушыны алып кетеміз өзіміз немесе жоғары сыныптағы аға-апалары алып кетеді деген әр кластың жетекшісінде қолхат бар", - деді мектеп директорының орынбасары Гүлшара Қауысова. 
Оқушы қазір аурухана ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің бақылауында. Баламен тілдесу үшін психологты шақырттық деп отыр.

«Баланың жағдайы қалыпты, ем алып жатыр. Ота жасалып, қан тоқтатылды», - деді облысық балалар ауруханасының лапароскопия бөлімінің меңгерушісі Егор Роскидайло.

Қазір ақтөбеліктер қалың үрей құшағында отыр. Өйткені, құзырлы органдар подофилдің ұсталған-ұсталмағанын айтпады.

"Қорқамыз сосын. Алып барып, алып келіп жүрміз. Қайтеміз енді?
Мұндай қылмыстары үшін өлтіре жаза беру керек деп ойлаймын. Себебі, құйттай баланы зорлаған ол масқара ғой. Қорқынышты заман болды. Жастарға да қорқынышты", - дейді тұрғындар.

Облыстық ПД бұл мәліметке қатысты ресми мәлімет таратқан жоқ. Дегенмен департаменттің Instagram-дағы парақшасында іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны жазылған.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр қылмыс жасаған күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты ашуға, сондай-ақ оған қатысы бар күдікті азаматты ұстауға бағытталған жедел-тергеу іс шараларын Ақтөбе облысы полция департаментінің бастығы өзі басқарады.

Сорақысы зәбір көрген оқушының аты-жөні, ата-анасының кім, қандай қызметте екені туралы мәліметтер әлеуметтік желіге тарап кеткен. Ал шикілік кімнен кеткенін ешкім айтпайды. Қоғам белсендісі Дина Смаилова еліміздің бас полицейінен ақпаратты таратып жібергендерге шара қолдануды талап етті.

Талқылау