Маскүнемдіктен арылудың тәсілі анықталды
Кетаминнің бір мөлшерлік дозасы ішімдікке тәуелділіктен айырылуға көмектеседі. Бұл тоқтамға Лондон университеттік колледжінің ғалымдары келіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеушілер тәжірибесіне 90 адам қатысыпты, олардың барлығы да маскүнемдікке салынған жандар екен. Еріктілердің барлығы бірдей аптасына 74 бөтелкеден астам ішімдік тұтынатын көрінеді. Бұл көрсеткіш ұсынылған мөлшерден 5 есе көп. Тәжірибе басында оларға бір стақан сыра ұсынылып, егер сынақтардың барлығынан жалтармай өтсе ішуге болатыны айтылыпты.
Бір күндері оларға алкогольді сусын ұсынылып, ал келесі күні ішімдік ішуге мұлдем рұқсат етілмепті. Алкогольды тұтынуға тыйым салынған күні ғалымдар еріктілердің ағзасына кетамин егіпті. Препарат маскүнемдердің ішімдікке деген ынтызарлығын басқан көрінеді. Нәтижесінде мамандардың пайымдары расталып, кетаминнің пайдалы қасиеті анықталыпты.
Үш баласы да АҚШ университеттеріне түскен қазақстандық әке бала тәрбиесіндегі 15 қағидасын атады
Әкесі: “Кәмпит, балмұздақ, тәтті жемейді, теледидар көрмейді, смартфонға да уақыт шектеулі”
"Соғысқа жіберуге 3 күн қалды": Ресейде жүрген қазақстандық жігіттер көмек сұрады
Олар 10-нан астам күннен бері қайта алмай отыр