Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Невролог маман: COVID-19 адамның ақыл-ойына зақым келтіреді

Невролог Александр Будик коронавирус инфекциясы ми тамырларына әсер ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап. 

коронавирус

Дәрігердің айтуынша, адамның танымдық қабілетінің төмендеуі COVID-19 салдарына жатады. Невролог Александр Будик коронавирус инфекциясы әсерінен миды қанмен қамтамасыз ету процесі бұзылатынын айтты. Бұл адамның ақыл-ойына әсер етеді. 

"Бастағы тамырлар ағаштағы бұтақтар сияқты ми қыртысына барады. COVID-19 кезінде және одан кейін бұл тамырлардың орналасуы өзгереді. Мидың маңызды бөлігін жеткілікті мөлшерде қанмен қамтамасыз ету бұзылады. Сондай-ақ COVID-19 кезінде адамның қаны тұтқыр болады, бұл қанмен қамтамасыз етуге кері әсер етеді", – дейді Александр Будик.

Невролог коронавирус инфекциясы салдарынан зардап шеккен танымдық функцияларды қалпына келтіруге тек маман көмектесе алатынын айтты. Алайда ол үшін дер кезінде маманға қаралу қажет. Александр Будик маманға екі рет баруға кеңес берді: COVID-19 инфекциясынан кейін қалпына келген кезде және содан біраз уақыт өткен соң жағдайды бағалау үшін барған дұрыс.

Талқылау