Невролог инсульттың алдын алу жолдарын айтты
Ресейлік невропатолог Мариана Абезиванова инсульттің алдын-алу жолдарын атады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Оның сөзінше, аурудың алдын алу үшін ең бірінші кезекте салауатты өмір салтын ұстану керек.
Дәрігер денсаулыққа назар аударуға кеңес берді. Салауатты өмір салты инсульттен 80%-ға қорғайды. Тамақтануды бақылау, темекі шекпеу, алкогольді көп ішпеу, қандағы қант пен холестериннің салмағы мен мөлшерін бақылау қажет.
Невропатолог ас мәзіріне жемістер, көкөністер, сондай-ақ құс еті, жаңғақтар, дәндер мен бұршақ өнімдерін қосу керек екенін атап өтті.
Инсульттің алдын алу үшін қызыл ет пен қаныққан майы бар басқа да тағамдарды тұтынуды азайту керек. Тұздың көп мөлшері денеге зиян келтіруі мүмкін – қауіпсіз доза күніне алты грамм деңгейінде.
Сонымен қатар, қалыпты физикалық белсенділік болуы керек – аптасына шамамен 150 минут.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"