Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Несие тарихын бұзып алмау үшін нені білу керек

Банктен несие алғаннан кейін, оны уақытылы, мерзімінен кешіктірмей қайтару — үлкен жауапкершілікті талап етеді. Несиесі бар отандастарымыздың бір бөлігі бұл міндетін ұқыпты орындауға тырысса, екіншісі оған жеңіл-желпі қарап, несие тарихын бұзып, банктің қара тізіміне еніп жатады. ВТБ (Қазақстан) банкінің мамандары несие тарихының не үшін керек екенін, оны бұзып алған жағдайда не істеу қажеттігін айтып берді.

втб

Несие тарихы деген не?

Несие алғаннан кейін оны банкке уақытылы, кешіктірмей қайтару басты міндетіңізге айналатыны түсінікті. Несиеңіз бар болса, сәйкесінше жақсы, орташа немесе нашар несие тарихыңыз бар деген сөз. Бұл құжат сіздің әр қабылдаған шешіміңіз, іс-әрекетіңіз жазылатын күнделікке ұқсайды. Оның ішіне несиені алған күніңізден бастап, қайтарған күніңізге дейінгі аралықтағы әрекеттеріңіз, несиенің сомасы жазылады. Кешіктіріп қайтарсаңыз, кешіктіргеніңіз, уақытылы төлесеңіз, уақытылы төлегеніңіз, несиені жапқаныңыз немесе жаппағаныңыз көрсетіледі. Бұл ақпараттың барлығын несие берген банк мәліметтер базасына жинап, Бірінші несие бюросына жібереді. 

Несие тарихының бұзылуына қандай жайттар әсер етеді?

Егер банктің талаптарын орындамай, төлемді уақытылы жүзеге асырмасаңыз, қаржылық қызметтер көрсететін мекеменің алдында борышкер болсаңыз, мұның кесірі өзіңізге тиеді. Сәйкесінше несие тарихы нашарлайды. Басқа банктен несие алғыңыз келсе, банк қызметкерлері несие тарихына қарап, өтінішіңізді қанағаттандырмауы мүмкін. 

Несиенің толығымен жабылмауы — негізгі себептердің бірі 

Кейде несиенің 500 теңгесі болсын төленбей қалып, ақшаның үстіне пайыздар қосылып, қарыз өсе береді. Ал оны жаптым деп ойлаған адам банк алдында әлі де қарызы бар екеніне күмәнданбай, несиесі толығымен қайтарылмағанын кеш біліп жатады. 

Кей адам қарызы барын білмей қалса, тағы да басқалары қарызы барын біле тұра оны қайтармайды, несиені жаппайды. Әдетте олар: “Банк мені іздемейді, мазаламайды және ақшаны төлеуге мәжбүрлемейді”,  - деп ойлайды.

Несие тарихының нашарлап кетуі әрдайым қарыз алушының кінәсі емес

Бірінші несие бюросына келіп түсетін ақпараттар легі үлкен. Кейде бюро қызметкерлері шатасып, несие тарихыңызға сізбен аттас адамның мәліметтерін жазып қоюы мүмкін. 

Алаяқтардың мүлдем басқа адамдардың құжаттарын пайдаланып, несие рәсімдейтіні белгілі. Бұл жағдайда несие тарихы бұзылған “ресми қарыз алушы” жәбірленуші  болып саналады. 

Несие төлейтін уақыт келгенде әртүрлі себепке байланысты ақша аударуды созып, төлемді соңғы күні жүзеге асыратынымыз рас. Алайда, мұның өзіндік кемшіліктері бар екенін ескергеніміз жөн. Техникалық ақаулар орын алған жағдайда, сіз салған ақша төлем уақытының мерзімі өтіп кеткеннен кейін түсуі мүмкін. Банк қызметкерлері мұны сіздің тарапыңыздан жіберілген қателік, яғни кешіктіріліп жүзеге асырылған төлем деп ойлап қалуы мүмкін.

Егер қателік банк тарапынан болса, несие тарихында жазылған мәліметпен келіспесеңіз, банк немесе несие бюросының көмегіне жүгіне аласыз

Несие тарихыңызды тексеріп тұрыңыз. Оның ішінде сіз жайында дұрыс емес ақпарат жазылса, бұрыс екенін дәлелдеп, оны базадан 15 жұмыс күнінің ішінде шығаруға болады. Ол үшін несиенің уақытылы төленгені жазылған түбіртекті қате ақпарат жіберген банкке немесе несие бюросына көрсетіп, өтініш жазу керек. Егер сіздікі дұрыс болса, несие тарихы түзетіледі. 

Қара тізімге енгіңіз келмесе, алдағы үш жылдың ішінде несие тарихын жақсартатын жоспар ойлап табыңыз. Қарыздарыңыздың барлығын жауып, төлемді уақытылы жүзеге асырғаныңыз абзал. 

Егер несие тарихыңыз жақсы болса, ВТБ (Қазақстан) банкінің көмегіне жүгіңіз. Қазіргі уақытта банктен бар-жоғы 15%-дан бастап (тиімді жылдық сыйақы мөлшерлемесі  - 16%-дан бастап) несие алуға болады. 

Қосымша мәлімет пен ВТБ (Қазақстан) банкінің басқа өнімдері мен

қызметтері туралы ақпаратты кез келген ұялы телефоннан 5050 нөміріне

хабарласып немесе банк сайтында онлайн сұратым қалдыру арқылы ала аласыз. 

 

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ - ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 лицензиясы.

Талқылау