Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция "НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Смайыловаға іздеу жариялады

"НеМолчи" қорының негізін қалаушы Дина Смаиловаға (Таңсәрі) іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kz.kursiv.media

Дина Смаилова қазір құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталындағы қылмыстық іздестіру базасына енгізілген. Карточкада тінту жүргізетін орган ретінде Өскемен қалалық ішкі істер басқармасы көрсетілген.

6 желтоқсан күні Таңсәрі бүркеншік атымен танылған қазақстандық белсенді Дина Смаиловаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі (Екі немесе одан да көп адамға жасалған алаяқтық) бойынша жүргізілуде.

Өткен маусымда Дина Таңсәрі Қазақстан билігі қудалауда деп айыптап, халықаралық қауымдастықтан көмек сұраған болатын.

"27 мамырда маған Алматы қалалық полиция департаменті Алматы қалалық прокуратурасымен бірлесе отырып, қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігі (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу), 274-бап (Күдікті) және 274-баптың 2-бөлігі – (Көрінеу жалған ақпарат тарату) баптары бойынша айып тақты", – деп жазды Дина Таңсәрі.

Құқық қорғаушы қасақана жалған ақпарат тарату ісі 13 рет жабылып, 14 рет ашылғанын атап өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов "Не молчи" (Үнсіз қалма) қорының басшысы Дина Таңсәрінің үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты түсінік берген еді. 

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінде ҚР ҚК 190-бабының 3 – бөлігі бойынша екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық іс қозғалғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, қазақстандық құқық қорғаушылар Дина Таңсәріге қолдау білдіру үшін петиция бастаған. “Немолчи.kz” қоры зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетеді. Қазір Таңсәрі Қазақстаннан тыс жерде тұрады.

Бұған дейін құқық қорғаушының қылмыстық қудалауға ұшырағаны да хабарланған болатын. Оның ұйымының банк шоттары бұғатталған. Алайда Дина Таңсәрі жауапқа тартпақ болған істің мән-жайы белгісіз күйінде қалып отыр.

Талқылау