Неміс футболшысын акулалар жеп қойды
Австралияда 21 жастағы футболшы Эрик Бригитти денесінің қалдықтары табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы 2 қаңтар күні жағалаудағы жартастан құлап кеткен көрінеді.
Құтқарушылар 57 жастағы акулалардың шабуылына тап болған Гэри Джонсонды іздестіру шараларымен айналысып жүріпті. Дегенмен олар мүлдем басқа адамның денесін тауып алған. Акулалар жемтігіне арналған азаматтың неміс футболшысы Бригити екендігі анықталыпты. Ол Twilight Beach жағажайында достарымен жүрген кезде жартастан суға құлап жоғалып кетіпті. Ал Джонсонның өзі әлі табылмапты.
Неміс футболшысы америкалық "Гастинг Бронкос" студенттік тобында жарысқа түсіп жүрген. Өз кезегінде футболдық топ мүшелері ойыншының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған