Неліктен Қазақстан мерзімді әскери қызметтен бас тартпайды: Қорғаныс министрлігі жағдайды түсіндірді

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру жалғасып жатыр. Қорғаныс министрлігі әскерге алынғандардың қайда жіберілетінін және неге мерзімді қызметтен бас тартылмайтынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтың айтуынша, әскерге шақырылғандар ең алдымен Мемлекеттік күзет қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне жіберіледі. Ол көктемгі шақыру науқаны 17 наурызда басталғанын еске салды.
“Жалпы 21 мыңнан астам адамды әскерге шақыру жоспарланып отыр. Оның ішінде 11 мыңнан астамы Қарулы күштер қатарына жіберіледі. Ал күзде шамамен 20 мың адамды шақыру көзделген”, – деді Мұстабеков.
Қазақстан әскерінде швед үстелі мен ұлттық тағамдар пайда болады
ОқыңызСонымен қатар вице-министр Қазақстанда әскерді жасақтаудың аралас жүйесі қолданылатынын айтты. Демек келісімшарт негізіндегі және мерзімді әскери қызмет қатар жүргізіледі.
“Қазір барлық заманауи мемлекетте келісімшарттық және мерзімді қызмет те бар. Бізде мерзімді қызметтегі сарбаздар шамамен 30%. Бұл болашақтағы мемлекеттік резерв. Сондықтан қазіргі жағдайда мерзімді қызметтен толық бас тарту мүмкін емес”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай биыл әскери парад өткізілмейтінін мәлімдегені туралы жазған едік.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр