Неліктен Қазақстанда вейппен қоса темекіге де тыйым салынбайды – Депутат жауап берді
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қазақстанда неліктен темекіге емес, вейптерге тыйым салынды деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: urbnvape.ru
Депутат журналистерге вейпке тыйым салу бір реттік өнімдерді теріс пайдаланатын жастарды қорғауға бағытталғанын айтты.
"Кеше қоғамдық балалар қоры 400-ге жуық жастар қатысқан сауалнаманы жариялады. Зерттеу көрсеткендей, алматылық жастардың 80 пайызы және астаналық жастардың осыншама пайызы вейптерді пайдаланады. Біз бұл тыйыммен балаларымызды қорғағымыз келеді", –деді Бейсенбаев.
Журналистер қатерлі ісік ауруының дамуына әкелетін темекіге Қазақстанда неліктен тыйым салынбағанын сұрады.
"Біріншіден, кез келген ата-ана баланың темекі шегетінін анықтай алады. Өйткені оның ерекше иісі бар. Бірақ вейптерді анықтау өте қиын: олар кәмпит немесе құлпынай иісіне ұқсайды. Олар дәмді, әрі жарнамасының өзі балаларға бағытталған", – деді депутат.
Бейсенбаев Қазақстанда вейпке тыйым салу туралы шешім бір жылдан аса уақыт бойы талқыланып келе жатқанын айтты. Бұл мәселені өткен шақырылымның депутаттары да көтерген болатын.
"Үкімет қандай да бір қатаң реттеуді енгізуге мүмкіндік берді, біздің фракция бұл мәселені премьер-министрдің тұсында да, Денсаулық сақтау министрлігінің әртүрлі басшыларының тұсында да бірнеше рет көтерді. Біз ешқашан ортақ пікірге келген емеспіз. Қатаң тәртіпті енгізе алмадық. Олар Алматыдағы базарлар мен барахолкаларда сөмкелеп сатылады", – деді депутат.
Еске сала кетейік, бұған дейін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда вейп пен электронды темекінің айналымына тыйым салу туралы шешім шығаруды талап еткен. Ал мәжіліс депутаттары екінші оқылымда вейп таратуды реттейтін заң қабылдады. Құжат республикаға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салуды қарастырады.
Сондай-ақ бүгін Мәжіліс Қазақстанға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салатын заң қабылдады. Құжатта тәртіп бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.