Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Базалық мөлшерлеме төмендегенде қаражатты қалай сақтап, көбейтуге болады?

Ұлттық банк сарапшыларының болжамына сүйенсек, 2024 жылы базалық мөлшерлеме 12%-ға дейін, ал 2025 жылы 10%-ға дейін төмендейді деп күтілуде. Бұл қаржылық тұрақсыздық жағдайында капиталды ұлғайту құралдары бірінші орынға шығады. Сондықтан бүгін Казақстандағы ең жоғары мөлшерлемені ұсынатын Home Credit Bank-тің жинақ депозиттері мен банктік депозиттік сертификат туралы айтамыз. 1 ақпаннан бастап бұл инвестициялық құралдардың мөлшерлемесі төмендейді деп күтілуде. Материалды мұқият оқып, құрал шарттарымен таныс болыңыздар.

Фото: shutterstock

Қауіпсіздік пен жоғары табысты бағалайтындар үшін Home Credit Bank ұсынатын жинақ депозиті ең оңтайлы шешім. Банкте жинақ депозитінің екі түрі бар:

"Сберегательный Хоум" - нарықтағы ең жоғары мөлшерлеме

Мұнда жылдық мөлшерлеме 17,8% - ға дейін жетеді. Салымды 3 айдан 24 айға дейінгі мерзімде жасауға болады. Салымның ең аз сомасы небәрі 100 000 теңге, бұл депозитті көп адам үшін қолжетімді етеді. Мысалы, 1 000 000 теңгені 6 айға 17,8% жылдық мөлшерлемемен салсаңыз, мерзім соңында 1 085 083 теңге аласыз, депозит үшін табыс – 85 083 теңге. 

Депозиттен ақшаны жартылай шығарып алуға, не қосымша салым жасауға болмайды. Осылайша ол оңай ақша жинауға көмектеседі.

"Сберегательный Хоум Плюс" – толықтыру мүмкіндігі бар депозит

Бұл депозит 17%-ға дейінгі жылдық мөлшерлемені ұсынады, салымның ең төменгі сомасы небәрі 1000 теңге. Қаржылық мақсаттарыңызға байланысты инвестициялау мерзімін 6 немесе 12 ай деп таңдауыңызға болады. Негізгі артықшылықтардың бірі - кез келген уақытта толықтыру мүмкіндігі. Депозитті көбейткіңіз келе ме? Қаржылық жоспарларыңызға сәйкес ай сайын қаражат қосыңыз. 

Home Credit-те депозиттердің барлық түрі бойынша пайыздық мөлшерлеме күнделікті есептеледі, осылайша жинақ күн санап өседі.

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры сіздің салымдарыңыздың сақталуын қамтамасыз етеді. Кепілдіктің максималды сомасы – 20 000 000 теңге.

Банктік депозиттік сертификат

Банктік депозиттік сертификат (БДС) – үлестік емес бағалы қағаз түріндегі жаңа қаржы өнімі. БДС дәстүрлі депозиттермен салыстырғанда жоғарырақ сыйақы мөлшерлемесін ұсына отырып, инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазақстанда ең тиімді шарттармен БДС Home Credit Bank-те ғана қолжетімді. Онда банктік депозиттік сертификаттардың екі түрі бар: "Стандартты" және "Икемді". Олардың ерекшеліктерін қарастырып, қазіргі қаржы нарығында қандай артықшылықтар беретінін білейік. 

Стандартты депозиттік сертификат

Бұл сертификатты кем дегенде 500 000 теңгеге 12, 24, 36 және 60 айға ашуға болады, осы ретте жоғары сыйақы мөлшерлемелері 17,25% - дан 18,5% -ға дейінгі шекте ұсынылады. Мұндай сертификаттар кірістің тұрақтылығы мен болжауға ыңғайлығымен ерекшеленеді. 

"Стандартты" депозиттік сертификат үшін мерзімінен бұрын шарт бұзылса, сыйақы сақталмайды.

Икемді депозиттік сертификат

Оны небәрі 100 000 теңгеге ашуға болады және 24 айлық инвестициялық кезеңмен бұл сертификат 16,5% сыйақы мөлшерлемесін ұсынады. Бір ерекшелігі, егер сіз сертификатты мерзімінен бұрын тоқтатсаңыз, сіздің сыйақыңыз сақталады. Бұл опцияны, әсіресе, өз қаржысын басқарудағы икемділікті бағалайтындар үшін тартымды етеді.

Депозиттік сертификаттардың барлық түрлері үшін пайыздар күн сайын есептеледі.

Ескере кететін жайт, қолайлы мүмкіндіктерге қарамастан, депозиттік сертификатқа қазақстандық салымдарға кепілдік беру қоры кепілдік бермейді. Инвестициялау туралы шешім қабылдаған кезде мұны ескеру маңызды.

Осылайша банк азаматтарға өз қаржысын тиімді басқарудың бірегей мүмкіндіктерін ұсынады. Депозит немесе депозиттік сертификат арасындағы таңдау жеке қаржылық мақсаттарға және инвестордың қалауына байланысты.

Базалық мөлшерлеменің тұрақсыздығы кезеңінде максималды пайда мен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп үлгеріңіз. Ақпанға дейін 6 күн ғана қалды.

Талқылау