Назым Қызайбай бокстан кіші әлем чемпионатында алғашқы алтынды ұтты
Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Болгарияда өткен "Кубок Странджа-2022” халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сенбі, 26 ақпан күні Назым Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алжирлік Роумаиса Боуалемге қарсы шықты. Қазақстандық спортшы үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді.
Кіші әлем чемпионаты атанған бұл додада Қызайбайдың алтыны Қазақстан үшін бірінші жүлде болды. Бұл турнирде Қазақстан құрамасы үш күміс медаль жеңіп алды, олардың иегерлері Дина Жоламан (54 келіге дейінгі салмақ дәрежесі), Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) және Дамир Әбдіқадір (51 келіге дейін).
Жексенбі, 27 ақпан күні қазақстандықтар “Странджа кубогі-2022” турнирінің тағы бірнеше финалдық ойынына қатысады.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген