Назарбаевтың отбасынан Forbes Kazakhstan – 2022 тізіміне кіргендер
2022 жылы Қазақстанның ең бай адамдарының рейтингіне Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева мен оның жары Тимур Құлыбаевтан (2 орында) және немересі Нұрәлі Әлиевтен (26 орын) басқа тағы екі адам кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes порталына сілтеме жасап.
Дариға Назарбаева рейтингке қайта оралып, 13 орынға жайғасты. Forbes Kazakhstan сарапшыларының есептеуінше, Елбасының үлкен қызының жағдайы 584 миллион доллар деп бағаланып отыр. Дариға Назарбаева өзінің үлкен ұлы Нұрәлі Әлиевпен бірге "Европа плюс Қазақстан" ЖШС иелік етеді, ол арқылы "Телерадиокомпания Радиосити" ЖШС-на және "Независимый Телевизионный Канал" ЖШС-на (НТК) үлестері бар. Сондай-ақ, "DLS Group холдинг компаниясы" ЖШС Назарбаеваның меншігінде, ол арқылы "Регион-Медиа" ЖШС және "A-Service Management" ЖШС (Нұр-Сұлтандағы "Думан" төрт жұлдызды қонақ үйі) үлестері бар.
Назарбаева бұдан бұрын Forbes Kazakhstan тізімінде 2012 және 2013 жылдары болған. Ол кезде де 13 орынды иеленген еді. Алайда ол кезде жағдайы 593 және 595 миллион деп бағаланған. 2012 жылы Дариға Нұрсұлтанқызы "АЛМА-ТВ", "Еуропа плюс Қазақстан" АҚ, НТК, "АлмаИнвестХолдинг", "Алматыстройснаб" ЖШС компанияларына бақылау жасады. Басқа активтері – "Хабар" АҚ, "Қант орталығы" АҚ және "Нұрбанк" АҚ үлестері сол кезде сатылды.
2013 жылы тағы бір актив – Alma TV, онда Назарбаеваның 80%, ал Нұрәлі Әлиев – 20% иелігі болды. Оларды да сатуға дайындаған болатын. Мәжілістің сол кездегі депутатының меншігінде "Еуропа плюс Қазақстан" АҚ, НТК, "Алма Инвест Холдинг", "Алматыстройснаб" ЖШС болды.
Отбасының тағы бір мүшесі 160 миллион доллардан астам жағдаймен 41 орынға ие болды. Бұл рейтингтің жаңа мүшесі – Нұрбол Назарбаев. Тұрғыш президенттің немере інісінің иелігінде негізінен инвестициялар саласына қатысты әртараптандырылған бизнес бар. Ол "Prime Capital Invest" ЖШС және "Корпорация Үш Қоңыр Инвест" ЖШС иесі, "Pls инвестициялық-құрылыс компаниясы" ЖШС және "PLS-ТМ" ЖШС тең иесі (соңғысы – "Алматы ауыр машина жасау зауыты"АҚ мажоритарлық акционері).
Нұрбол Назарбаев – Елбасының інісі, Болат Назарбаевтың ұлы. 38 жаста, 2003 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіргеннен кейін прокурордың көмекшісі, прокурор, аса маңызды істер бойынша тергеуші болып жұмыс істеді. 2014 жылы Алматы облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды, полиция полковнигі атағына ие болды. 2017 жылдан бастап бизнеспен айналыса бастады. Нұрбол Назарбаев – Prime Capital Holding инвестициялық қорының Бақылау кеңесінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері федерациясының вице-президенті және "Бәйге" федерациясының президенті.
Айта кетсек, Forbes тізіміне Қайрат Боранбаев (2021 жылғы рейтингтегі №14) пен Қайрат Сатыбалдыұлы (2018 жылғы рейтингте №47) енбеді.
“Себебі рейтингті дайындау кезінде олардың бақылауындағы активтер айтарлықтай төмендеді. Атап айтқанда, Сатыбалдыұлы иелік ететін Skyline Investment Company S. A. және "Alatau Capital Investment" ЖШС-на тиесілі "Қазақтелеком" АҚ ұлттық байланыс операторының 28% акциясы мемлекетке өтеусіз берілді”, – деп атап өтті Foebes.
Қайрат Сатыбалдыұлы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Ал Қайрат Боранбаевтың қызы Елбасының немересі Айсұлтан Назарбаевқа үйленген.