AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болат Назарбаевтың ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды: Ақпаратқа полиция пікір білдірді

Алматы облысының полиция департаменті Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды деген желідегі ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Алматы облыстық полициясы тергеушілерінің іс жүргізуінде Нұрбол Назарбаевқа қатысты қылмыстық іс тіркелген жоқ. Ресми дереккөздердің ақпаратына ғана сенуді сұраймыз", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы облыстық полиция бастығының бұрынғы орынбасары Нұрбол Назарбаев үш адамды өлтірді деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды. Ақпаратта Шамалған маңындағы атыс ісі бойынша айыпталушылардың бірінің жауап беруінен кейін Нұрбол Назарбаев полициядан жасырынып жүргені айтылған.

Нұрбол Назарбаев ұзақ уақыт бойы Алматы облысы полициясының тергеу бөлімшелерінде қызмет еткен. 2014 жылдан 2017 жылға дейін департамент бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Болат Назарбаев - тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр