AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтар отбасының шетелге шығарған ақшасы қайтарыла ма: Мәжіліс төрағасы жауап берді

Назарбаевтар отбасының шетелдегі ақшасы елден заңсыз шығарылғаны дәлелденсе, ол қаржы Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжіліс кулуарында журналистер Қошановтан "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң қабылданғаннан кейін, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасының шетелдегі дүние-мүлкісі елге қайтарыла ма?" деп сұрады.

"Қазақстанда, өздеріңіз көріп отырсыз, әсіресе соңғы кездері заң алдында барлық азаматтар бірдей. Заң бәріне ортақ. Сондықтан егер ақша заңсыз шығарылса, қандай азамат болса да заң алдында жауап береді. Ол туысқан ба, туыс емес пе, лауазымды қызметкер ме, оның бәрі заңның алдында жауап береді және заңсыз шығарылған қаржының бәрі қайтарылады. Бірақ, қайталап айтамын, оның өзінің жолдары бар, бұл өте күрделі жұмыс", – деді Қошанов.

Спикер жуырда президент жарлығымен шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша комиссия құрылғанын еске салды. Ол тек президентке бағынады және оған есеп береді.

"Сол себепті комиссияның жұмысын күту керек. Әрине, ол шетелге кеткен ақшаны қайтару оңай жұмыс емес. Себебі Қазақстанда да, шет елде де ақшаның заңсыз жолмен алынғаны дәлелденуі керек", – деді мәжіліс төрағасы.

Айта кетсек, бүгін мәжіліс Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

8 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) құру туралы жарлығы жарияланды. Комиссия елден заңсыз шығарылған ақшаны Қазақстанға қайтарумен айналысады. Сондай-ақ заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтайды.

Талқылау
Пікір
Арай
23 Мау, 22 жыл - 07:26

Егер мәселе Назарбаевтар отбасына катысты болып турса. Әрине кайтарылу керек кой. Себебі оларда карайып отбасынан шыққан өзіміз құралпас адамдар. Өмірбаяндарында бұрын соңды лауазымдық қызметтер атқармаған сонда соншалықты каражат кайдан келді?

Әрине бір жерден жымкырылган. Оны калай тарканын өзінен сурау керек. Ал біздің елде ондай миллиард табу мүмкіндігі өте аз мысалы: Фобс журналына сүценетін болсақ, Д.Назарбаева әлем бойынша 13-і  бай адам екен ал жоғары лауазымда істеген уакыты өте аз. Ендеше айтпасада түсінікті.

Содан кейін Алматы қаласындағы бір республикалық мәдениет сарайы керемет үлкен сол отбасының меншігіне өтіп кеткен недеген сұмдық біздің бала кезден арманымыз сол залда отырып койылым көрсек деген. Ал ол уже жеке меншік.  

Nur Ali
17 Мау, 22 жыл - 20:15

Кез-келген заңсыз түрде иемделген қаржы міндетті түрде күштеп елге қайтарылу керек. Отыз жыл үміттеніп, елбасыны адам ғой деп сеніп жүрдік, бүкіл өмірімізді өткіздік. Шынтуайтына келсек, ол қалтасын толтырып, жаңадан қатын алып, ресей-қытайдың артын жалап, өзінше өз өмірінің болашағын ойлап жүріпті!!

Арай
23 Мау, 22 жыл - 07:29

Өте дұрыс айтылған пікір. Бүкіл тырысқан еңбек етен Қазақстан азаматы бай болу керек. Кәзір шынын айтканда азаматтарымыз елдін Батыс өңіріне босып кетті жұмыс іздеп жалпқы өте аз. Азық- түлік у дай қымбат. ШҚО Үржар өңірі мүлде кымбат

Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр