Назарбаев Зияткерлік мектебінде киберқорлау оқиғасымен оқушы оқудан шығарылды
Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар арасында киберқорлау (секстинг) оқиғасы анықталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады. Дерекке сүйенсек, оқиға 2 күн бұрын анықталған. Нәтижесінде оқушы оқудан, мектеп қызметкері жұмыстан шығарылған.
“Мектепте осы жағдайдың қайталану қаупін жою мақсатында барлық сынып оқушыларымен әңгімелесу, анонимді сауалнама, кибер және қорлаудың басқа түрлері бойынша қосымша кураторлық сағаттар және мектептің психологиялық қызметінің жұмысын қайта қарау жүргізіледі”, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар оқу орны мектептегі әрбір оқушының әл-ауқатының маңыздылығын түсініп, осы бағытта жұмыс жасалып жатқанын және ата-аналардан да балаларының психоэмоционалдық жағдайын бақылауды сұрайтынын хабарлаған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
