Назарбаев университетінің студентін әскерге күштеп алып кеткен: Қорғаныс министрлігі түсіндірді
Желіде Назарбаев университетінің студенті оқуына қарамастан күштеп әскерге алынғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: nu.edu.kz
Ақпаратқа қатысты қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.
Жігіттің университетте оқуға дайындалу бағдарламасында оқып жүргені анықталды. Студентті әскери комиссариатқа куәлігін тапсыруға барған кезде ұстап алып кеткен. Министрлік мәліметінше, жігіттің деректері қорғаныс министрлігінің жүйесіне қате енгізілген.
Қазақстанда енді әке болғалы жүрген жігіттер әскерден босатылады
"Оның деректері ақпараттық жүйеге қате енгізілген, қате ақпарат қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесіне де жіберілген. Қазіргі таңда университеттен тиісті үлгідегі анықтама берілді. Бұған дейінгі анықтама сәйкес келмейтін", – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік жас жігіттің үйіне жіберілгенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Қорғаныс министрлігі жастарды көшеден күштеп әкетіп жатқан видеоға пікір білдіріп, полиция әскерге шақырылғандарды мәжбүрлеп алып кетуге құқылы екенін айтқан еді.