Назарбаев университетінің басшылығы ауысты
4 желтоқсанда Назарбаев Университетінің (NU) Қамқоршылық кеңесінің (ҚК) шешімімен NU-дың Атқарушы Вице-президенті болып Сәрінжіпов Аслан тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстанның Білім және ғылым министрі лауазымында жұмыс істеген және әлемдік деңгейдегі университет болып табылатын NU-дың құруының басы-қасында болған.
Сонымен қатар, ҚК шешімімен NU-дың жаңа вице-президенттері тағайындалды:
Біләлов Дархан, жоғары білім саласындағы PhD докторы. Бұрын "Абай атындағы ҚазҰПУ" КеАҚ Басқарма төрағасы - Ректоры, ҚР Президентінің жанындағы "ҚР Ұлттық ғылым академиясының" вице-президенті қызметтерін атқарған.
Шоланов Ерлан, МВА магистрі. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінің атқарушы директоры, Kozybayev University Басқарма төрағасы – Ректоры, "Нархоз университеті" КЕАҚ провосты лауазымдарын атқарған.
Уәлиева Әсел, DBA докторы. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің атқарушы директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.
NU академиялық еркіндік, меритократия, транспаренттілік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстануды жалғастырады.
NU-дың жаңа басшылығының алдында тұрған негізгі міндеттері өзін-өзі қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшу, әлемдік ғылыми-білім беру қауымдастығымен сапалы интеграция және білім беру жүйесін дамыту мен ғылыми әлеуетті арттыруда қазақстандық университеттермен тығыз синергия мәселелері болып қала береді.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
