Назарбаев пен Путин Мәскеуде жеке кездесу өткізді
Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке кездесу өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Russian.rt басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: bestlj.ru
Ақпаратты Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
"Иә, кездесу Мәскеуде болды. Нұрсұлтан Назарбаев президентпен жеке кездесу өткізді. Біз мұны растаймыз", – деді Песков.
Айта кетейік, бұған дейін Назарбаев Путинді "сөзіне берік кісі" деп атап, Отанын қайтадан әлемдік держава биігіне шығарып берді деген еді. Ол бұл туралы жақында жарияланған “Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа” мемуар кітабында айтады.
Назарбаевтың сөзінше, Қазақстан-Ресей қатынасындағы жаңа кезең ел басшылығына Владимир Путиннің келуімен тікелей байланысты. Путин президенттігі Ресейдің тарихына айрықша белес болып енгеніне ешкімнің күмәні жоқ.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады