Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет

Қазақстан экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды қайта қарап, бұл құбылысқа қатаң тойтарыс беру жайын ойластыруы керек. Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға қатысты қазақстандықтарға жасаған мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

тероршылар

«Тәуелсіздікті жариялау бар, ал оны қорғап, нығайту және дамыту одан да жауапты іс. Ел бірлігі, ішкі тыныштық сол үшін керек. Мен мұны ылғи айтып келемін. Ел ішіне бүлік салудың, «түсті революциялардың» талайын басқа елдерден көріп, біліп отырмыз. Ол лаңкестік әрекеттерден, көшеге шығып шулаудан басталады. Одан конституцияға қарсы шығады да, аяғында мемлекет күйреп, халық аш-жалаңаш қалады. Мұның бәрін біз көріп, біліп, байқап отырмыз», – деп атап өтті Елбасы.

Біріншіден, Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, еліміз кез-келген сипаттағы экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды қайта қарап, бұл құбылысқа қатаң тойтарыс беру жайын ойластыруы керек.

«Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет. Екіншіден, елдігімізге сына қағатын зұлымдықтардың ымырасыз жолын кесуіміз қажет. Ел тыныштығын сақтамасақ мынадай әлемдік дағдарыстан өте алмаймыз. Сондықтан барша халық болып бірігіп, елді сақтауды ойлауымыз керек», – түйіндеді Елбасы.

 

Талқылау