Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Қазақ тілін үйренгісі келетіндерді қолдау қажет

Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың қазақ тілін үйренуге деген құлшынысын қолдау керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Назарбаев

Елбасы Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының ХХІХ сессиясын ашты. 

"Еліміздегі қазақ ұлтының үлесі 70%-дан асады. Қазақ тілін түсінуге, үйренуге деген ынтаның болуы - керемет дүние. Біз бұны әрқашан және барлық жерде қолдауымыз керек", - деді Назарбаев. 

Елбасы Қазақстан Халық Ассамблеясының негізгі мақсаты осы бағытта жұмыс істеу екенін атап өтті. 

"Қанша жас қазақстандық Ассамблеяның арқасында өмірге қадам басқанын қараңыздаршы. ҚХА оларды мемлекеттік тілде сөйлеуге үйретті. Наталья Дементьева, Максим Споткай, Максим Рожин, Ирина Тен тағысы тағы бар. Қазір олар лауазымды қызмет атқарады, қос тілде еркін сөйлейді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 



Бұған қоса, ол халықты біріктіретін тіл екенін алға тартты. 

"Қазақ халқы полиэтникалық қоғамды шоғырландыратын интеграциялық процесстердің арқауын қалыптастырды. Бүкіл әлемде солай жасалады, тіл барлығын біріктіреді. Мәселен, америкалықтар мыңдаған халықтан құралған. Бірақ, оларды ағылшын тілі біріктіріп отыр", - деп қосты Елбасы. 

Талқылау