Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев әулеті ел бюджетіне қай уақыттан бастап "қол сала" бастады – Экономика экс-министрі айтты

2002 жылдың 30 қаңтарынан 2003 жылдың маусымына дейін Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалайтын Есеп комитетінің төрағасы қызметін атқарған Жақсыбек Құлекеев Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің бюджет қаржысына қай уақыттан бастап "қол сала" бастағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаксыбек Кулекеев

Құлекеев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында 2000 жылға дейін Қазақстанның экономикасы күйзелісте болғанын айтады. Және ол уақытта бюджетте артық ақша болмаған.

"Кризистен кризис, құлдырап, тіпті бір жылдары Қазақстанның экономикасы 26 пайызға дейін құлаған кездері болды. Ала қоятын бюджетте ақша жоқ. Президенттің өзінің шетелге ұшып баратын самолетін жеке кәсіркерлерге қалтасынан шығарып, бірді бірге қосып жүретін кез болды. Сондықтан біреуден алатындай ешнәрсе болған жоқ. Тек 2000 жылдан кейін ғана еліміздің экономикасы аяғынан тұрып, жылдам қарқынмен дами бастады", – деп түсіндірді экономист.



Ғалым 2000 жылдан 2008 жылға дейін ел экономикасының жылдық орташа өсімі 10 пайыздың шамасында болғанын және сол уақытта экономика тұрақты дамып, шетелден инвостарлар келе бастағанын еске алады.

"Осы кезеңде, алғашқы келісімдер жүрген уақытта бюджетке қаражат түсіп, үлкен жобаларды соның ішінде өте құнды ресурстарды бөлу кезінде жемқорлыққа жол ашыла бастады. Алғашқы оның көріністері 2005 жылдан кейін ғана көріне бастады. Ал оның үлкен көрінісі 2010 жылдан кейін жүйелі жолға қойылды", – деп жалғады Құлекеев.

Қоғам қайраткері өзінің экономика министрі болған уақытта "тиын санап" отырған кезеңдердің болғанын ашып айтады. Сонымен қоса ол 2005 жылдан басталған жемқорлық көріністері 2010 жылдан кейін еліміздің экономикасының әлеуеті үлкейгеннен кейін жүйелі жолға түскенін жеткізді. 

Талқылау