Найзағай соғуы салдарынан 12 адам қаза тапты (видео)
Үндістанның шығысындағы Одиша штатында найзағай соғуынан 12 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі OXU басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сәйкес, оқиға 2 қыркүйекте орын алған. Онда екі сағат ішінде 61 мың найзағай соғуы тіркелген.
Үндістанның метеорология департаменті бұған дейін Бенгал шығанағындағы циклондарға байланысты алдағы екі күнде елдің шығысында ауа райының нашарлайтынын ескерткені атап өтілді.
Айта кетейік, ресми мәліметтер бойынша, 2022 жылы Үндістанда найзағай соғуынан 907 адам қаза тапқан.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі