"Найзағай ойнап, бұршақ жауады": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Синоптиктер Қазақстанда 29-31 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазгидрометтің болжамынша алдағы күндері елімізде атмосфералық фронтальды учаскелерде синоптикалық жағдай қалыптасады. Сондықтан көптеген аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады. 29 шілдеде еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында күн күркіреп, бұршақ жауады, қатты жауын-шашын орын алады.
Ал Ақтөбе мен Жамбыл облысында 31 шілдеде 40-43 градус қатты ыстық күтілуде.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ