Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Найман атамның әруағын қорламаңыздар": Майра Ілиясова ру жайлы әзіл айтқан асабаға шүйлікті (видео)

Майра Ілиясова ру жайлы әзіл айтқан асабаны сынға алды. Әнші өзінің Найман руынан шыққанын және руға бөлінушіліктің әбестік екенін айтып, ренішін білдірді. 

“Мен Найманның қызымын! Орта жүзден шыққан ұлы Найман атамыз бүкіл қазаққа аты шыққан. Елдің бірлігін, амандығын ойлаған. Алланың бұйрығымен артынан мыңдаған ұрпақ өрбіткен қасиетті ұлы тұлға! Сіздердің де қасиетті аталарыңыз (Ұлы жүз, Кіші жүзге жататын бабалары сияқты) қазақтың ұлан-ғайыр даласын жаудан қорғап, мына біз сияқты ұрпақтарының бақытты өмір сүруін армандаған, біздің ұлы бабаларымыз! Әйел басыммен намыстаным отырмын! Найман атамның әруағын қорламаңыздар дегім келеді! Ойланайық, ағайын”, – деп жазды ол.

Әнші асабаның әзілін ерсі деп бағалады. Оған ду күлген жұртқа ескерту айтты. Желідегі оқырмандардың бірі әншінің сөзін қолдаса, бірі асабаның сөзінен ерсілік көрмегенін айтып ақтады. 

“Өзіңіздің әріптесіңіз Жанар Айжанова да ененің рөлін сомдағанда бүкіл Қазахстан халқына Найманнан қыз алма деп мазақ қылған кезде неге әріптесіңізге айтпағансыз? Бұл рольді ойнамаңыз деп ақыл айтпадыңыз ба ? Осы сериал екі жыл қатарынан түспеді”, “Соны айтам, бірдеңе болса Найман атамызды мазақ қылып, жыным келеді”, “Бұл жерде ешкімді мазақ етіп тұрған жоқ, керісінше мақтап жатыр”, “Әзіл айтуға да болмай ма?”, “Руға бөлінбеңдер, бөлінгенді бөрі жейді”, – деп жазды желідегілер.


Талқылау