Наурыз шағын ауданындағы 3850 тұрғын кәріз жүйесіне қосылады
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Наурыз шағын ауданы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту құрылысы қарқынды жүруде.

Құрылыс жұмысы осы жылдың маусым айында мердігер мекеме "Газовое хозяйство Шымкентгаз" ЖШС тарапынан басталған. Жоба бойынша, ұзындығы 15 шақырым ішкі орамдық жүйелер тартылатын болады. Қазіргі уақытта 4 шақырым кәріз жүйесі орнатылды.
Құрылыс жұмысы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қараша айында толық аяқталады. Нәтижесінде, Наурыз шағын ауданындағы 3850 тұрғын қолданыстағы диаметрі 1200 мм. коллекторға қосылатын болады.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту мақсатында барлығы 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"