Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсем ән мен тәтті күй: Наурыз айының соңына дейін қандай іс-шараларға барып үлгеру қажет

Бос уақытты немесе демалыс күндерін қалай тиімді әрі қызықты өткізуге болады? Бұл сұрақ барлығын толғандыратыны анық. Себебі естен кетпес демалыс пен уақытыңызды көңілді өткізу керемет әсер қалдырып, құлшынысыңызды арттырады. Бұл үшін жаныңыз қалайтын іс-шараға барған абзал. Осыған орай Stan.kz Jusan Bank-пен бірге наурыз айының соңына дейін тамашалауға болатын ең қызықты іс-шаралар тізімін назарларыңызға ұсынады. Ал билеттерді үйден шықпай-ақ Jusan қосымшасынан сатып алыңыз. 

жусан

26 наурыз

Алматының әсем классикалық әуен сүйер қауымы "Ne Prosto Orchestra" симфониялық оркестр және хорының концертінің қонағы бола алады. Концерт музыканы бағалайтын жандар үшін керемет сый болмақ. Мұнда оркестр мен хордың орындауындағы жанды музыканы тыңдап, симфония әлеміне саяхат жасайсыз. Оркестр құрамындағы музыканттар – түрлі республикалық және халықаралық жарыстардың лауреаттары. Шара 15:00 және 19:00-де қаладағы Республика сарайында өтеді. 

Әлем классикасын сүйіп тыңдап, балет шоуларын асыға күтетін жандар үшін де қуанышты жаңалық бар. Түркістан концерт залында Ресей балет жұлдыздарының гала-концерті өтеді деп жоспарланған. Басталу уақыты 20:00. Қапы қалмаңыз!

27 наурыз

Бұл күні Amre лақап атымен танылған әнші Ернар Садырбаев Қызылорда қаласында жеке концертін өткізеді. “Маска” шоуы арқылы көпшіліктің ықыласына бөленген Amre тыңдармандарын жаңа ән кешімен қуантпақ. Әншінің жеке концерті қаладағы Н.Бекежанов атындағы драма театрында сағат 19:00-де өтеді. 

Шымкент қаласында жас әнші Мирас Жүгінісов пен Ерке Есмахан бірлесіп гала-концерт өткізбек. Түркістан сарайында өтетін концертте әншілер хит әндерін орындайды. Басталуы сағат 21:30. 

28 наурыз

Ал Атырау тұрғындары Әділет Жауғашардың мерекелік ән кешіне бара алады. Концертке елге белгілі эстрада жұлдыздары қатысады. Махамбет драма театрында өтетін кеш сағат 19:00-де басталады.

Ал музыканың ерекше жанры – джазды ұнататын Алматы тұрғындары мен қонақтарына Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында өнер көрсететін вокалистерді тыңдау мүмкіндігі туды. Кеште әншілер америкалық композиторлардың музыкасын жанды дауыста орындайды. 

29 наурыз

Белгілі әнші, МузАРТ тобының солисі Сәкен Майғазиев Қарағандыда жеке концертін өткізбек. Өзінің әсем әндерімен тыңдармандар жүрегінен орын тепкен Сәкен Майғазиев жаңа мерекелік бағдарламасын ұсынбақ. Концерт Цирк ғимаратында, 19:00-де басталады.

Шымкент қаласында жеке концерт беретін әншілердің бірі – Роза Әлқожа. “Ән салшы, Роза” деп аталатын мерекелік концерт Түркістан залында өтеді. Басталу уақыты 19:00.

Ресейлік балет жұлдыздарының гала-концерті Атырауда жалғасын табады. Кешкі 21:30-да Махамбет драма театрынан ресейлік өнерпаздардың керемет өнерін бағалай аласыз. 

30 наурыз

Аз уақыттың ішінде жастардың сүйікті орындаушыларына айналған Ирина Кайратовна тобы Түркістан қаласында жеке концерт береді. “KARAVANSARAY” кешенінің “ARENA” залында ұйымдастырылатын шара 21:00-де басталады. Бір айта кетерлігі, концертке жас шектеуі қойылған, мұнда тек 16 жастан асқан әнсүйер қауым ғана кіре алады. 

31 наурыз

Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін де жағымды жаңалық бар. Қалада 31 наурызда "Роза Бағланова" атты мюзиклдың тұсаукесері өтеді. Көптен күткен мюзикл КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған. Кеш ұйымдастырушылары заманауи театр өнерінің технологиялары, креативті режиссерлік, музыкалық және хореографиялық шешімдердің ұмытылмас әсер сыйлайтынына уәде береді. Мюзикл Astana musical мемлекеттік театрында сағат 19:30-да басталады.

Айта кетсек, жоғарыда аталған кештерге билетті ыңғайлы әрі тиімді жолмен Jusan қосымшасындағы “Билеттер” сервисінен сатып алуға болады. Әрбір сатып алынған билет үшін 4% бонус  жинап, оны келесі кезекте қолдана аласыз. “Билеттер” сервисі көмегімен әртүрлі іс-шараларға билетті алдын ала сатып алып қоюға болады. Ал пайдаланушылардың ыңғайлығы үшін мұндағы шаралар қала мен секциялар бойынша бөлінген. 

Айта кетсек, концерт пен мерекелік шаралардан өзге сервис арқылы кино мен театр қойылымдарына билет алуға болады. Бұл үшін “Кинотеатрлар” бөліміне өтіп, барғыңыз келетін фильмді таңдап, билет сатып алу қажет. Мәселен, қазір отандық режиссерлер түсірген “Қазақша бизнес Түркияда”, “Келинка Сабина 3”, “Күшік құда”, “I go to school” фильмдері көрерменге жол тартқан.

Егер шынайы эмоцияның куәсі болғыңыз келсе, қосымша арқылы театрға билет алуға кеңес береміз. Мысалы, наурыз айының соңына дейін Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы драма театрында “Мақшар түні махаббат” (26 наурыз), “Пері қатын” (27 наурыз), “Үміт үзгім келмейді” (29 наурыз), “Бес бойдаққа бір той” (30 наурыз), “Екеуміз” (31 наурыз) қойылымдарына барып үлгеруге болады. 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген  07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.

Талқылау