НАТО Ресеймен қақтығысқа дайындалып жатқанын мәлімдеді
НАТО Ресеймен алдағы жиырма жыл ішінде болатын жанжалға дайындалып жатыр. НАТО әскери комитетінің төрағасы Роб Бауэр осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз бейбіт әлемде өмір сүріп жатқанымыз әдеттегі жағдай емес екенін түсінуіміз керек. Сол себепті біз (НАТО күштері) Ресеймен қақтығысқа дайындалып жатырмыз", - деп мәлімдеді НАТО шенеунігі.
Сондай-ақ Бауэр қысқа мерзімде оқ-дәрі мен қару-жарақ шығару қажет екеніне байланысты қақтығысқа дайындық "өндіріс базасына сүйенетінін" болжады. Ол қайтадан әскерге шақыру басталуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Бұған дейін Бауэр Украинадағы соғыс тығырыққа тірелгенін, соған қарамастан НАТО ары қарай да Киевті қолдауды жалғастыра беретінін айтқан.
Бұған дейін Берлин НАТО мен Ресей арасындағы соғысқа араласуға ниетті екенін жазған едік. Германия қорғаныс министрлігінің сценарийі бойынша ол 2025 жылдың жазында басталуы мүмкін.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"