"Наразылық нота жолдау мағынасыз": Сыртқы істер министрлігі "Борат-2" фильміне қатысты пікір білдірді
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі "Борат-2" фильміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Борат-2 фильмі - коммерциялық жоба. Фильм авторлары ҚР билігінің ресми наразылығын арандатып, өз фильміне жақсы жарнама жасамақ. Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа салынуда.
Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді.
Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы», - делінген хабарламада.
"Баламды аман қайтарыңдаршы": Ресейге жұмысқа барып, соғыс ортасынан бір-ақ шыққан қазақстандықтардың жақындары министрлікке жиналды
Бірі ұлынан бес күн бұрын хабар алған, енді бірі баласының бірінші шепке жіберілетінін айтады
Бір аптада жүріп-тұрудан әрі сөйлеуден қалған: Қазақстандық қыз қызылша салдарынан ауыр дертке шалдықты
Анасының айтуынша, қызы қызылшаға қарсы екпені бір жасында және алты жасында алған