Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Намысымды таптады: Ер адам өзге ұлт өкілімен бірге отырған қазақ қызын жұлқылап, балағаттап тастады (видео)

Желіде автокөлікте өзге ұлт өкілімен отырған қазақ қызына сұрақ жаудырып, балағаттаған отандасымыздың видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz.

Жуырда ғана түрік жігітіне күйеуге шыққан қазақ қызына сұрақ жаудырып, мазасын алған Жәнібек Иманмәзір есімді Facebook қолданушысы желіні шулатқан еді.  Бұл жолы оның әрекетінен үлгі алған ер адам автокөлік ішінде отырған жастарға келіп, қазақ қызын балағаттап тастады.

Видео кадрларынан ер адамның автокөлікте өзге ұлт өкілімен бірге отырған қазақ қызын жұлқылап, балағаттағанын көруге болады.

«Бері қара! Мынау  – түрік жігіт. Ал мына қыз – қазақтың қызы. Қазақтың намысын таптап, түрік пе, әзірбайжан ба, өзге ұлт өкілімен отыр. Атыңды айт! Қай жақтың қызысың? Қазақ қазаққа бауыр. Мен танымаймын мына қызды. Бұл менің намысымды таптап жатыр. Әкелген жеріңе апарып таста мына қызды!» – дейді ер адам.

Оның қызды жұлқылап, балағаттағаны да байқалады. Ал қыз бұңып қалып, жүзін көрсеткісі келмесе, өзге ұлт өкілі оны қорғаштап әлек.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады.

Алайда желі қолданушыларының ер адамның әрекетіне қатысты пікірі екіге бөлінді. Бірі оның әрекетін жақтаса, өзгесі өз қандасын жұлқылап, бейәдеп сөздер айтқанына мәдениетсіздік деп баға беріп, керісінше отандасымыздың өзін сынға алды.

Оқи отырыңыз:

Қарағандыда шаштараз төрт жасар баланың құлағын кесіп алды

Ақтөбедегі автобус өртінен аман қалған жүргізушілер екі ай қамауда отыратын болды

Қарағандыда дүкенге кіріп жылынғаны үшін тұрғындардан ақша сұраған сатушы жұртты ашуландырды (фото)

Астанада анасы жан сақтау бөлімінде жатқан баланың туыстары іздестіріліп жатыр

Талқылау