Намибияның үшінші президенті Хаге Гейнгоб 82 жаcқа қараған шағында қайтыс болды
Намибия президенті Хаге Гейнгоб 82 жасында қайтыс болды. Бұл туралы президент кеңсесінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында вице-президент Нанголо Мбумба мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет ашық дереккөзден
“Намибия Республикасының сүйікті президенті Хаге Гейнгобтың бүгін, жексенбі, 2024 жылдың 4 ақпанында, шамамен таңғы сағат 12:04-те өзі медициналық ем қабылдап жатқан “Леди Похамба” ауруханасында қайтыс болғанын үлкен қайғымен және өкінішпен хабарлаймын”, – делінген мәліметте.
Өмірінің соңғы сағаттарында мемлекет басшысының жанында әйелі мен балаларының болғаны айтылады.
- Ыстамбұлдағы теракт, Израильдің Дамаскіге шабуылы, Путиннің қайта билікке келуі: Әлемде не болып жатыр
- Ресей мен Украина Түркияның ықпалымен қайта келіссөз жүргізуі мүмкін – БАҚ
Қаңтар айының басында Хаге Гейнгоб өзіне қатерлі ісік диагнозы қойылғанын хабарлаған. Кейін ол емделуге АҚШ-қа барды, бірақ бірнеше күннен кейін Намибияға қайта оралды.
Жақын арада министрлер кабинеті президенттің қайтыс болуына байланысты "қажетті үкімет шараларын қабылдау" үшін жиналатынын жеткізді.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
