Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Намаз оқыған соң сеніп едім": ШҚО-да жігіт жас қызды зорлап тастамақ болды

Шығыс Қазақстан облысында намазхан жігіт жас қызды зорламақ болған. Абырой болғанда, қыз көліктен сытылып шығып үлгерген. Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Adyrna агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым мәліметінше, оқиға биылғы жылдың 7 қарашасында Зайсан қаласында орын алған. 

Таңғы сағат 8:15-те 1994 жылғы қыз аудандық полиция бөлімшесіне келіп, шағымданған. Айтуынша, оны А. есімді жігіт түнде көліктің ішінде күштеп зорламақ болған. Өз кезегінде қыз қарсылық танытып, көліктің терезесін сындырып, қашып шыққан. 

Оқиғаға қатысты полицияға арызданған қыз өзін зорлауға тырысқан жігіттің намазхан екенін айтты. Қыздың сөзінше, жігіттің намаз оқитынын білгендіктен, одан еш күдіктенбеген.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнынан ВАЗ-21114 көлігінің терезе әйнек сынықтарын, желқағар ұсақ бөлшектерін, тоқылған ақ түсті бас киім, резеңке шашбау, ұялы телефонның қабы, сырғаның бір жақ сыңарын және жуылған қан дақтарын тапты», - делінеді басыдымда.

Оқиғаға қатысты күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Ол Зайсан қаласының 1987 жылғы тұрғыны болып шықты. 

Белгілі болғандай, күдіктінің сәлафизм деструктивті діни ағымын ұстанатыны анықталған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Талқылау